Дата:  четверг, 6 февраля, 2020

Коронавирус инфекциясының Қазақстанда орын алуын болдырмау шаралары жағдайы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бүгін, 5 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында сөз сөйледі. Төменде министрліктің ресми өкілінің басты мәселелер жөнінде айтқан сөзіне шолу беріп отырмыз.

Ең алдымен сіздерге неліктен дәл осы ақпараттық алаңда сұрақ-жауапсыз мәлімдеме жасайтынымызды түсіндіре кетейін.
Біріншіден. Көріп отырғаныңыздай, мұнда баспасөз алаңы мен телестудия бірге орналасқан. Сонымен қатар коронавирус тақырыбында түсірілген барлық видеоматериалдарды осы команда Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз мамандарымен бірге отырып тез өңдейді. Әр сөзі мұқият тексеріледі. Содан соң Министрліктің Facebook парақшасында және ватсаптажарияланады.Қажет деп тапқан жағдайда тікелей республикалық телеарналарға таратылады.


Екіншіден.Мәлімдемеден кейін сұрақ қойдырмаудың себебін түсіндірейін. Бұл өте жауапты ақпаратты мүмкіндігінше нақты жеткізуүшін ауадай қажет. Ағылшынша айтқанда holdingstatement. Біздің мақсатымыз – журналистердің назарын толығымен фактілерге аудару. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігі мен ведомствоаралық комиссияның басшылығымен бекітілген дағдарысқа қарсы тиімді технология. Нәтижесінде бір апта ішінде біз сіздермен бірге әлеуметтік желілерде жіберілген жалған оқиғалардың санын азайта алдық. Біз дүрбелеңге жол бермедік. Ең басты жеңіс осы деп ойлаймын.


Баспасөз өкілдері сұрақ қоюына бола ма? Әрине! Барлық сұрақтарды жазбаша түрде біздің баспасөз хатшысының байланыс телефонына жіберіңіздер. Біз белгілі бір бағдарламалар үшін спикерлерді өзіміз жіберіп отырмыз. Көптеген БАҚ бас редакторлары менің бұл сөзімді растайды.


Сонымен,
6 қаңтардан кейін Қытайдан келген біздің және шетелдік азаматтарды бақылаудың жай-күйі:

6 қаңтардан бастап бүгінге дейін Қазақстанға Қытайдан мемлекеттік шекара пункттері арқылы 30 394 адам келді.


6 қаңтардан 4 ақпанға дейін Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары Қытаймен мемлекеттік шекара арқылы өтетін әуежайлар мен теміржол бекеттерінде 21.838 адамды, оның ішінде 20.084 жолаушы мен 1.814 экипаж мүшелерін тексерді.


29 жолаушыдан дене қызуы мен жедел респираторлы вирустық инфекция белгілері анықталды, олардың 28-і ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысы, әуе қатынасы және Қытаймен жеңіл автомобильдер тасымалы тоқтатылды.


Медициналық ұйымдар тұрғылықты жері бойынша Қытайдан келген азаматтардың денсаулығын бақылауды жалғастыруда.


5 ақпанға дейін ЖРВИ белгілері бар 104 адам ауруханаға жатқызылды, 71 адам ауруханадан шығарылды, 33 пациент стационарда қалды. Науқастардың жағдайы жақсы. КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛҒАН ЖОҚ. Біз барлық ауруханадан алынған сынамаларды Алматыдағы Ұлттық жоғары инфекциялық ғылыми орталығына жібереміз. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.


Соңғы 14 күнде келген 10 131 адамқазір медициналық бақылауда.


2 ақпаннан кейін шетелден келген біздің және шетелдік азаматтарымыздыбақылаудың жай-күйі:
Ағымдағы жылдың 2-4 ақпан аралығында Қазақстанға басқа елдерден мемлекеттік шекара пункттері арқылы 127.573 адам кірді. 2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап 764.683 адам келді.

​2 мен 4 ақпан аралығында8.676 азамат Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында қаралды, оның ішінде 8.092 жолаушы және 584 экипаж мүшесі. 1 жасқа дейінгі 1 баладандене қызуы анықталды.Медициналық қызметкерлер бұл балаға ЖРВИ диагнозын қойды.


Ухань қаласынан келген біздің азаматтар туралы:
Карантин біткенше, яғни 16 ақпанға дейін оларға баруға болмайды. Тіпті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де! Кеше және алдыңғы күніолардың бәрітүрлі сынақтан өтті. Нәтижесінде оларда коронавирустың жоқтығы анықталды. Осыған қарамастан, клиникалық хаттамаға сәйкес олар карантинде бола береді. 83 эвакуацияланған Қазақстан азаматтарының 12жеңіл деңгейдегі ЖРВИ бар. Бірақ ешқайсысында дене қызуы көтерілмеген.


Уханьнан эвакуацияланған Беларусь Республикасы және Армения азаматтарының жағдайы жақсы.Дене қызуы қалыпты.Олар денсаулығына шағым айтқан жоқ.


Түмен мен Ташкентке әкелінген біздің студенттер туралы:
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің арқасында Ухань қаласынан бүгінгі таңда Түмен (Ресей Федерациясы) және Ташкент (Өзбекстан Республикасы) қалаларына студенттеріміз эвакуацияланды. Олар 2 апта бойы жергілікті мамандардың қадағалауында болады. Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері олардың жағдайын бақылауда ұстайды.


БАҚ пен блогерлердің жауапкершілігі туралы:
Қазақстан Үкіметі жалған және дүрбелең қауесеттерімен күресте жалғыз қалған жоқ. Facebook, Google, Twitter, YouTube, Reddit әлеуметтік желілері коронавирус туралы жалған және дүрбелең ақпаратты шектеу жөнінде көптеген технологияларды қарастырып жатыр. Сондай-ақ әр елдегі денсаулық сақтау министрліктерімен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының веб-сайтын кеңінен тарату үшін бірқатар жұмыстар атқаруда.


Канада, Латвия, Гонконг, Таиланд, Малайзия, Индонезия және Қытайдағы кейбір әлеуметтік медиа қолданушылары коронавирус жалған қауесет таратқаны үшін қамауға алынды. Жалпы, халықаралық ұйымдарда коронавирус туралы 200-ге жуық жалған фактілер тіркелген. Жалған қауесет пен ақпараттар бүкіл адамзатқа ауыр тиді деп айтуға болады. Бұл дәрігерлер мен үкіметтердің жұмысына кедергі келтіруде.


Өтініш - бір-біріңізге жалған хабарлама жібермеңіздер!

Поделиться